Ел жаңалықтары

Инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы келіссөз командасы құрылады

  • Инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы келіссөз командасы құрылады

    Инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы келіссөз командасы құрылады

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 2025 жылы ЖІӨ-нің 30%-ына дейін, тікелей шетелдік инвестициялар көлемін $30 млрд-қа дейін жеткізу мақсаты қойылғанын атап өтті.

 
Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 32,4 трлн теңге сомасына 1600-ден астам жобадан тұратын пул құрылғанын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бес жыл ішінде АӨК саласында жалпы сомасы 4,1 трлн теңгеге 400-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл 2025 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есе, ал экспортты 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірге машина жасау, металлургия және ТМК сияқты салаларға кемінде 810 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғанын айтты. Жыл соңына дейін 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 282,2 млрд теңге сомасына 14 жоба аяқталмақ.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алдағы бес жылда өңірде машина жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика, денсаулық сақтау және т. б. салаларда 1,6 трлн теңгеден астам сомаға 59 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов шетелдік және отандық инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа алгоритмі АХҚО және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның барлық инвестициялық жобаларды егжей-тегжейлі тексеруін көздейтінін баяндады. 

Инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және АХҚО-ның «Business Connect» бөлімшесі сарапшыларынан «Task Force» арнайы келіссөз командасы құрылады. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның инвестициялар тарту жөніндегі жұмысқа қатысуы кеңейтіледі.




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30