Ел жаңалықтары

Израиль Газадағы нысандарды тағы да атқылады

  • Израиль Газадағы нысандарды тағы да атқылады

    Израиль Газадағы нысандарды тағы да атқылады

Израиль ұшақтары тағы да Газадағы әскери нысандарды атқылады. Осымен бір апта ішінде аумақта жағдай екінші рет ушығып отыр.

Бұл мамыр айындағы 11 күнге созылған қантөгістен кейін жасалған атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына қауіп төндірген.

Израиль әскерінің айтуынша, ХАМАС тобының жіберген "жанғыш заттар толы" шарлары Израильде алқаптардың өртенуіне себеп болған, оған жауап ретінде қарулы күштер Газадағы әскери нысандарға әуеден соққы берген. Бұған дейін Израиль қарулы күштері "оқиға қалай өрбімесін, сақадай сай дайын отырғанын" мәлімдеген. ХАМАС "соққысынан кейін" Израильдің оңтүстігіндегі кейбір жерлерде сирена ойнаған, бірақ әскерилер Газадан зымыран түспегенін айтты. Тек бір жерде атыс тіркелген.

2 млн адам тұратын халқы тығыз орналасқан Газа секторынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеді. Осы аптада Израильде үкімет ауысып, ультраоңшыл саясаткер Нафтали Беннет бастаған жаңа үкімет мүшелері іске кіріскен. Бұл Беннет үкіметі тұсында жасалған алғашқы шабуыл. 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 18:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31