Ел жаңалықтары

"Жағдай біз ойлағаннан да қиын екен": Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Арыстың жағдайын айтты

  • "Жағдай біз ойлағаннан да қиын екен": Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Арыстың жағдайын айтты



Құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев Арыс қаласындағы қираған үйлер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ол бірнеше құрылыс бригадасының жұмысқа кіріскенін атап өтті. Көмекке Нұр-сұлтан мен Алматыдан жұмысшылар келмек.


"Арыстағы үйлер біз болжағаннан да ауыр қираған екен. Фотосуреттерден көргенімізде үйдің төбелері тесіліп, тек терезелер сынған еді. Бірақ сараптамадан кейін жағдай әлдеқайда күрделі болды. Жүздеген соққыдан үйлердің қабырғаларына зақым келген. Бір қарағанда үйге жөндеу жұмысы керек секілді көрінеді. Ал, негізінде үй құрылысын қайта бұзып салуға тура келеді", - деді Айдын Рахымбаев Facebookпарақшасында.


Оның айтуынша, оларға 100 үйді жөндеуге тапсырма келген. Олар қазір жұмысын бастап жатыр. 



"Мұндай техногендік апаттар қазіргі замандағыда жиі кездеседі. Жапонияда да атом электр станциясынан зақым келген еді. Сондықтан мұндай жағдайда  елдің басшылығын айыптамау керек. Қала тұрғындарына көмектесіп, екінші рет қайталанбау үшін алдын алу керек. Қайта жарылыс күндіз, елдің бәрі жұмысқа  кеткен уақытта болған. Түнде болса, жағдай басқаша болар ма еді", - деді Айдын Рахымбаев.


Айта кету керек, бұрын BI Group компаниясы Арыс тұрғындарына көмек ретінде 100 миллион теңге бөлді. Құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев бұл қаражаттың кем дегенде 100 үйді қалпына келтіру үшін жеткілікті екенін айтты.


 



 

 




Көрілген: 2456    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 23:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31