Жақиянов Дариға Назарбаева жайлы: Саясатқа араласса қолдаған жөн

24 қараша 2022, 14:47

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер Ғалымжан Жақиянов Дариға Назарбаеваға байланысты пікір білдірді. Ол бұрынғы президенттің тұңғышы ел саясатына араласса қолдау керек екеніне тоқталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Саясаткердің Дариға Назарбаеваға байланысты ойы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада Ғалымжан Жақиянов биліктің жүйесі жаңарғанымен, бұған дейінгі шенділерді қуудың қажеті жоқ дейді.

Тіпті жасаған қылмысы болмаса, Дариғаның саясатқа араласуына қолдау да білдірген жөн дегенді алға тартқан.

 

"Назарбаевтың дәуірі кетті. Осы адамдарды мемлекеттен шығарып тастайық, жолатпайық деген сөз дұрыс емес, менің ойымша. Біз енді жүйені өзгертеміз, рас. Бірақ өз адамдарымызды қуып салып, құртып жіберуге болмайды. Дариға Назарбаева саясатқа араласам десе, қолдау керек. Өйткені, оның өзі қылмыс жасамаса, оны неге саясатқа араластырмайды. Мүмкін оның айтар пікірі бар шығар. Дариғаның өзі "елімізге демократия керек, елімізге парламенттік республика керек" деп ұрандаса, оны біз неге қолдамаймыз", — дейді саясаткер бейнежазбада.