Ел жаңалықтары

"Жалақыны көтерсін": Нұр-Сұлтанда 200 жуық кран операторлары наразылық ұйымдастарды

  • "Жалақыны көтерсін": Нұр-Сұлтанда 200 жуық кран операторлары наразылық ұйымдастарды

Нұр-Сұлтанда ғимараттардың құрылыстарын жүргізіп келген 200-ге жуық кран оператолары биылғы 1 наурыздан бастап жұмыстарын тоқтатып тастады. Шағым айтып алаңға жиналған азаматтар құрылыс компанияларының басшыларына жалақыларын көтеру туралы талап қойып отыр. Сөздерінше, 12 сағаттан жұмыс істейтін кран басқарушылардың еңбекақысы 6 жыл бойы көтерілмеген. Краншылар боранды күндері де жұмыстарын тоқтатпай еңбек етіп келгендерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордадағы бірқатар құрылыс нысандарында істейтін кран операторлары жұмыстарына шықпаған. Осымен үшінші рет жүзден аса адам жиналып мәселелерін айтып наразылық танытса да, құрылыс компаниялары жұмыскерлерінің талаптарын әлі де орындамай отыр.

 "Айлығым аз, қазір бәрі қымбаттап жатыр. Ортаңғы жалақы 300 мың. Ол жетпейді. Қауіпті мәселе. 500 мыңнан кем жұмыс істемейміз. 8 сағат жұмыс істейміз. Одан асып жатса "ұзарту" деген бар", - деді кран операторы Азамат Сарин.

Жұмыскерлердің айтуынша, жалақыдан бөлек құрылыс компаниясының басшылары артық істеген сағаттарына ақша төлемейді. Оған қоса, кран басқарушылардың 80 пайызында жұмысқа тұру туралы келісімшарт жоқ екен. Ал тоғыз, он, он алты қабатты үйдің ең биігінде жұмыс істейтіндер отырған кран қатты желден теңселсе де жұмысын тоқтатпайды. Жастары келгендерге темір мұнараға өрмелеп шығу да оңай емес, дейді жиналғандар. Тіпті, талай мәрте түрлі оқыс оқиғалар да болған екен.

Әкімдік пен Еңбек министрлігі мәселенің мән-жайын біледі. Бірақ еңбек инспекциясына шағым айтып келген ешкім жоқ, сондықтан бұл туралы ештеңе айта алмайтынын мәлімдеді. Ал құрылысшылар одағының төрағасы кран жүргізушілері жұмыс көлеміне қарай жалақы алу керек дейді.

"Құрылыс компаниялары жалақыны 800 мыңға дейін көтере алмайды. Өйткені сметалық құжатқа 600-ден сәл асатын сома жазылады. Сондықтан краншылар 350-400 мың ғана ала алады. Не болмаса краншы 20 күнде жұмысын аяқтаса бір сома, 25 күнде аяқтаса бір сома төленуі керек", - деді ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Ал үшінші рет жиналыс жасаған кейбір краншылардың жалақысы көтерілген екен. Дегенмен әлі де 200-ден астам жұмысшы бар. 1 наурызда жұмысын тоқтатқан олар талабымыз орындалғанша орнымыздан қозғалмаймыз, тіпті болмаса жұмыстан кетеміз деп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, кеше Көкшетау, Ақтау және Түркістандағы краншылар да жұмысын тоқтатқан.




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30