Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жалаң аяқ және сырт киімсіз шығып кеткен: Атырауда бірнеше тәуліктен бері ақыл-есі кем жігіт іздестірілуде

09 ақпан 2021, 18:13

Атырауда 5 ақпанда жоғалып кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Ер адам қала маңындағы Талқайран ауылында тұрады, отбасында тоғызыншы бала. Наурыздың ақыл-ой кемістігі бар, ол бірнеше жыл бұрын жұмыстан қайтып келе жатып есінен танған кезде пайда болған.

"Біз оны емдеуге тырыстық, барлық дәрігерлер мен емшілер бардық, бәрі бекер.  Бірақ оның мінезі байсалды және сыртқа сирек шығады. 5 ақпанда, түстен кейін ол үйден шығып кетті, оны ешкім байқамады, содан бері біз оны көрмедік. Өзіміз таба алмадық, полицияға жүгінуге тура келді. Әлі іздеп жатырмыз", - дейді ер адамның анасы Қарлығаш Махамбетова.

 
Ол ұлының бұған дейін де үйден кетіп қалғанын, бірақ отбасы оны тез тауып алғанын атап өтті.

"Қазіргідей ұзақ уақыт бойы жоғалып кетпеген еді. Сол күні үйде кішкентай балалар болды. Мүмкін балалар шулап, сондықтан кетіп қалған шығар. Тезірек аман сау табылса екен", - деді әйел.

Наурыз Айтекешов үйден жалаң аяқ және сырт киімсіз шығып кеткен. Хабарландыруды әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін оны Берекеде, Жұлдыз шағын ауданында, содан кейін Атырау &ndash Доссор тас жолында көргендер анықталды. Полицияның мәліметінше, ер адам бейнебақылау камераларына түспеген.

Оның әкесі Рафхат Әйтекешов Наурызды психиатриялық ауруханаға жатқызғысы келгенін мойындады, бірақ оны қабылдамаған. Оның GPS білезігі де болған, бірақ жоғалған күні оны шешіп тастаған.

"Біз барлық туыстарға қоңырау соқтық - ол ешкімге бармаған", - деді Рафхат.

Полиция Наурыздың баруы мүмкін барлық жерлерді тексергенін, бірақ әзірге нәтиже жоқ екенін хабарлады.

Наурыз Әйтекешовті іздеуге 50 ерікті, полиция қызметкерлері және төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды. Сегізінші ақпанда МИ-8 тікұшағы ауадан тексеру үшін іздеуге қосылды. Сонымен қатар арнайы дайындалған иттер де жұмыс істеп жатыр..