Ел жаңалықтары

Жалдамалы баспанаға құжат қабылдау 6 күнге ғана созылады

  • Жалдамалы баспанаға құжат қабылдау 6 күнге ғана созылады

    Жалдамалы баспанаға құжат қабылдау 6 күнге ғана созылады

 Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспанаға құжат қабылдау 5-ші қарашадан басталып, алты күн бойы демалыссыз жалғасады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.


Құжаттарды қабылдауда қыруар кезек болмас үшін электронды түрде жүргізілмек. Ал өтініштер 11 түрлі талап бойынша іріктеледі. Яғни, өтініш берушінің жасы 29-ға дейін және штаттық жалақысы ұстап қалатын салықтарын қоса алғанда 101 мың теңгеден кем болмауы керек. Соңғы екі жылда қалада тіркеуде тұруы тиіс.


Отбасы болса, балалы болса, соның бәріне балл қосылады. Соңында жастар бүкіл талап бойынша іріктеліп, ең көп балл жинаған 1050 адамға аумағы 30 бен 70 шаршы метр аралығындағы 1 және 2 бөлмелі пәтер беріледі. Онда бес жылға дейін тұрып, сол аралықта пәтер алатындай ақша жинап алуы тиіс. Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үш жыл қатарынан 3 мың пәтерден беріліп отырмақ.


"Жалпы, биыл бізде 1050 пәтер бар. Олар екі және бір бөлмелі. Нұр-Сұлтан қаласында Артем базарының жанында (Уәлиханов-Сейфуллин көшелерінің қиылысы), Бөгенбай батыр мен Жангелдин көшелерінің бойында тұрғын үй сатылады. Бір бөлмелі пәтерлер - 30-45 шаршы метр, екі бөлмелі пәтерлер - 46-70 шаршы метр. Пәтерлер жаңа", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдік «Тұрғын үй қоры» КММ директоры Нұрсулу Қожахметова.


"КТК" арнасы.




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 22:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30