Жалға алған көлікпен жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты

21 қазан 2021, 22:34

Қайғылы оқиға түнгі сағат бір шамасында Алматы-Талғар тас жолында болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Қатты соққыдан каршеринг көлігінің оң жақ бөлігі жапырылып қалған.

Темір арасына қыстырылып қалған 17 жастағы қызды шығару үшін құтқарушылар әуре-сарсаңға түскен. Бірақ бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сау-тамтығы қалмаған Volkswagen polo-ны тізгіндеген 21 жастағы жігіт те ауыр жарақатпен аурухана төсегінде жан тапсырды.

Ал жеңіл көлік соғылған «Газ 53» көлігінің ішінде адам болмапты. Қазір полиция тиісті сараптама тағайындап, жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.