Ел жаңалықтары

«Жалған құжаттарымен жасырынған»: Әбілязовтің сыбайласы 5 жылға сотталды

  • «Жалған құжаттарымен жасырынған»: Әбілязовтің сыбайласы 5 жылға сотталды

    «Жалған құжаттарымен жасырынған»: Әбілязовтің сыбайласы 5 жылға сотталды

Биылғы 15 қазанда Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотында Мұхтар Әбілязовтің қылмыстық қоғамдастықтағы тағы бір сыбайласы, Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Ибрагимов Рүстем Шамильевичке қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім еткендей, Р.Ибрагимов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жылға банк ұйымдарында кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салынды.

«Ибрагимов «БТА Банкі «АҚ №2 Корпоративтік бизнесті несиелік талдау департаментінің директоры, несиелеу жөніндегі басқарушы директор лауазымдарын атқарды және бас банктің несиелік комитетінің мүшесі болды. Ол қылмыстық қоғамдастықтың басшысы Мұхтар Әбілязовтің бақылауындағы компанияларға несие беру туралы заңсыз оң шешімдер қабылдауға жәрдемдесті. Бастапқыда Ибрагимов өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесті және ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат берді, бірақ қылмыстық қоғамдастық басшыларының ықпалымен жасырынуға шешім қабылдады. Нәтижесінде, 2010 жылдан бастап Ибрагимов қамауға алу бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде болды. Ол Қырғызстан азаматының жалған құжаттарымен жасырынып жүрді», - делінген агенттік ақпаратында.

Анықталғандай, Ибрагимов 2017 жылғы желтоқсанда БАӘ құқық қорғау органдарына ұсталғаннан кейін, ол өзін Қырғызстан азаматы - Рустам Мұхтаров ретінде таныстыруды жалғастырып, Қазақстанның резиденттігін жоққа шығарды.

Тергеу органы 2 жылдан астам уақыт бойы Рустам Мұхтаровтың атына жазылған құжаттардың жалған екенін, оның Қазақстан азаматы болып табылатынын дәлелдеп, оны Рүстем Ибрагимов ретінде тану туралы шаралар қабылданған.

«Ол үшін Қазақстан, Қырғызстан және БАӘ құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Нәтижесінде, БАӘ Әділет министрлігі қазақстандық тарап ұсынған барлық дәлелдерді зерделеп, Ибрагимовтың құжаттары мен айғақтарының жалғандығына көз жеткізді және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.

Биыл 4 наурызда Ибрагимов Қазақстанға қайтарылды.

Әбілязовтің өзін қоса алғанда, халықаралық іздеуде жүрген 16 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Іздеудегі бірнеше адам тікелей немесе өздерінің жақын туыстары арқылы Қазақстанға өз еркімен оралуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Олардың келуіне жәрдемдесу және бұрын таңдалған жолын кесу шараларын жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл тек күдікті тұлғаларды іздестіру, ұстау және экстрадициялау бойынша ғана жүзеге асырылмайды.

Осы ретте, қазақстандық тарап бастамашылық еткен халықаралық тергеу тапсырмаларының негізінде Еуропалық Одақтың бірқатар елдері мен басқа юрисдикциялардың құқық қорғау органдары Әбілязов пен оның сыбайластарына қарсы өз тергеулерін бастады.

Осы өндірістер аясында тығыз халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жүзеге асырылуда», - деді агенттіктен.




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30