Ел жаңалықтары

"Жалғыз алтын белгі иегері": АҚШ-та лауазымды қызметке ұсынылған Сәуле Омарова жайлы мектеп директоры айтып берді

  • "Жалғыз алтын белгі иегері": АҚШ-та лауазымды қызметке ұсынылған Сәуле Омарова жайлы мектеп директоры айтып берді

Оралдағы №21 орта мектеп директоры АҚШ-та жоғары лауазымға ұсынылған қазақстандық Сәуле Омарова жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп директоры Лаура Шаркубенованың айтуынша, Сәуле Омарова - мектепті алтын медальмен бітірген жалғыз түлек. 

"Құжаттарға қарасақ, барлық жаратылыстану ғылымдары бойынша мектеп олимпиадаларына Сәуле қатысқан", - дейді директор. 

 
Сөзіне қарағанда, Омарова зиялы отбасыда өскен. Оның анасы қалалық ауруханалардың бірінде әдістемелік қызметтің жетекшісі қызметін атқарған. 

"Сыныптастарының айтуына қарағанда, ол қарапайым, аңғал, көпшіл қыз болған. Басқалардан ерекшеленбеген. Қарапайым кеңестік оқушылар", – дейді Шаркубенова. 

Директор Сәуле Омарованың Бүкілкеңестік Лениндік коммунистік жастар одағының мүшесі болғанын растады. Бұл ақпаратты қазіргі уақытта Омароваға қарсы қолдануда. Сыныптағы 30 оқушының 12-сі аталған одаққа мүше болған. 

"Ол жаққа бәрін бірдей қабылдамайтын, тек лайықты оқушыларды алатын. ММУ-ге түскен соң, комсомолдық қызметі жалғасқан болуы керек. Егер Сәуле Кеңес Одағында қалса, партияға кіріп, жұмыс істер еді. Бірақ ол АҚШ-қа көшіп кетті, сәйкесінше оның комсомолдық қызметі аяқталды", - деп түйіндеді Шаркубенова.

Айта кетейік, Сәуле Омарова АҚШ-та қаржы министрлігіне қарасты валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне ұсынылды. Қызметке тағайындалған жағдайда, ол 1863 жылы құрылған реттеуші мекемені басқаратын тұңғыш әйел болмақ. 

Қазақстандық Омарованың айналасында дау туды. Ол 26 жыл бұрын ұрлық жасады деп айыпталды. Артынша республикалық партия сенаторы Джон Кеннеди Омаровадан "жас коммунистер ұйымынан" шыққанын дәлелдеуді талап етті. 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 15:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31