Жалғызбасты анаға пробация қызметкерлері көмек көрсетті

25 қаңтар 2022, 10:12

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйесіне қарасты. Өскемен қаласы Солжағалау аудындық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Қазақстан соттарының Үкімімен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдарға пробациялық бақылау жүргізеді.

Қызметкерлердің жұмысы аталған тұлғаларды бақылап қана қоймай, олардың қоғамда әрі қарай әлеуметтуіне көмек көрсету болып табылады. Тіркеуде тұрған азаматтардың басым бөлігінің мүмкіндітері шектеулі, олардың ішінде жалғызбасты және көпбалалы әкелер мен аналар бар. Осылайша, пенитенциарлы жүйенің қызметкерлері қаланың орталық мешітімен бірлесіп, 32 жастағы әйел адамға қысқы мезгілге дайындалуға әрдем көрсетті. Тіркеуде тұрған Алена (есімі өзгертілген) пробациялық есепте «ұрлық» жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап тұр. «Сотталған азаматша Алена қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған қызын тәрбиелеп отыр. Қалыптасқан жағдайларға байланысты, бұл әйел жалғыз қалды. Есепке қою барысында пробация қызметкерлерімен жеке бағдарлама құрылып, онда бірінші кезекте шешімін табуға бағытталған негізгі сұрақтар түртілген болатын. Бүгінгі таңда оған жылы қыста киетін куртка, аяқ киім, бас киім, шалбар және азық – түліктен басқа. Мешіт өкілдерінің тарапынан ақшалай көмек көрсетілді». Сондай - ақ, есепке қойылған күннен бастап азаматшаның қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылығын жайлау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Пробация қызметкерінің айтуы бойынша, сотталған тұлға көмек сұраудан ұзақ уақыт ұялып жүрген. Қазіргі таңда, Алена пробация инспеторына көрсеткен көмегі үшін алғысын айтуда.

Мөлдір Дидарқызы, ШҚО бойынша Солжағалау аудандық ПКБ психологы