Жамаубаев кәсіпкерлік жөніндегі өңіраралық комиссияның отырысын өткізді

30 қыркүйек 2022, 00:22

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, Геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары қатысты.
Талқылау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгерту және жерді пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиян келтіру мәселелері қаралды.
Талқылауды қорытындылай келе, Қаржы министрі Е.Жамаубаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп әрі қарай зерделеп, ортақ ұстаным әзірлеуді тапсырды.