Ел жаңалықтары

Жамбыл облысын дамытуға 26 млрд теңге демеушілік қаражат тарту жоспарлануда

Жамбыл облысында кәсіпкерлер мен меценаттардың атсалысуымен түрлі әлеуметтік жобалар қызу жүзеге асуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тілге тиек етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Игі қазақы дәстүрді жаңғыртқан "Асарлатып үй салуы" жобасы жамбылдықтардың айрықша қолдауына ие болды. Аталған жоба аясында өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 99 тұрғын үй салынған болатын. Биыл тағы 134 үйдің құрылысы басталған, бүгінге дейін 14 отбасы басыналы болып үлгерді. Осылайша, жоба асясында облыста жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 233 үй бой көтеретін болады", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, биыл өңірде бастау алған "Таразға Тарту" жобасы аясында облыс орталығында 42 нысанда абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүруде десек, олардың қатарында тұрғын үйлер мен балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары, 21 саябақ пен сквер бар.

Бұдан бөлек, қолға алынған "Жомарт түлек" жобасы бойынша табысты түлектердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынған. Тағы осындай 4 кешен мен 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Түлектермен жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асуда.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 19 млрд. теңге сомасына 71 жоба іске асырылмақ. Жалпы, биылғы жылы өңірді дамытуға бюджеттен тыс 26 млрд.теңге қаражат бағытталады деп көзделуде,-деп түйіндеді Сапарбаев.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 15:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31