Жамбыл облысында 2 жасар сәби пойыз астына түсіп, көз жұмды

05 наурыз 2022, 14:43

Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін темір жолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақстан темір жолы” АҚ-қа сілтеме жасап. 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай болған кезде сәби темір жолда жалғыз жүрген. Оқиға 4 наурыз күні Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған. 

"Трагедия орын алған кезде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, отбасы темір жолға жақын маңда тұрады", - деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен. 

ҚТЖ көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.