Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында 200 мың теңге пара алған әкімге он млн теңге айыппұл салынды

  • Жамбыл облысында 200 мың теңге пара алған әкімге он млн теңге айыппұл салынды

    Жамбыл облысында 200 мың теңге пара алған әкімге он млн теңге айыппұл салынды

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін жазаға тартылды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Шалбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімін беру туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара алған.


16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.


Сондай-ақ, бұрынғы әкімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.


Айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуі тиіс, олай болмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады. 




Көрілген: 537    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 22:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30