Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия қаржысын жымқырғандар сотталды

14 желтоқсан 2022, 22:14

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы субсидиясының 1 млрд 200 млн теңгесін жымқырған 8 жемқор сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қылмыскерлер енді 5 жылдан 7 жылға дейін темір торда жазасын өтейді. Қаражатты жымқыру дерегі 2021 жылы әшкереленді. Облыс прокурорлары Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандарына шамадан тыс субсидия бөлінгенін байқаған. Тексеріс нәтижесінде өңір бойынша 400 млн теңгенің қолды болғаны анықталған. Кейін дәл осындай дерек тағы 6 облыста тіркелді. Ұйымдасқан топ жымқыру жоспарын тыңғылықты ойластырған.

 « Документ жүзінде элиталық сорт тұқымы Астана Қарағанды қаласынан алынған. Барлығы кәсіпкерлерге тіркелген. Жеке кәсіпкер болып және Астана Ресурс деген жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне. Мемлекетке  келген 1 млрд 200 млн тг шығын сот үкімімен ортақ тәртіпте өндіруге сот үкімі қабылданды», - деді облыстық прокуротураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Асхат Жұмашев.