Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында бес ауданның халқы ішімдіктен түбегейлі бас тартты

  • http://www.mirposterov.ru/

    http://www.mirposterov.ru/

Жамбыл облысында 5 ауданның тұрғындары спирттік  өнімдерден түбегейлі бас тартты.

 

Игі істі 12 ауылдың тұрғындары қолдаған. 126 дүкеннің иесі алкоголь өнімдерін сату жөніндегі лицензияларын облыстық кірістер басқармасына ерікті түрде өткізді.

 

Ауыл тұрғындары салауатты өмір салтына біржола ден қоймақ. Әсіресе бұл бастаманы Қызылқұм ауданындағы Құмөзек селосы тұрғындары белсенді жалғастыруда. Ауылда арақ-шарапсыз дүкен ашылған.

 

Айта кетейік, акцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыстық департаменті ұсынған. Елді мекен тұрғындары бұл бастаманы өзге ауылдарға эстафета ретінде жолдап, өзгелердің де қолдайтынына сенімді.

 

Равиль Төлебаев, ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары: 

 

- Ішімдік саудасынан  бас тартуды алдымен қариялар қолдады. Әрі қарай жастар  жалғастырып жатыр. Бұл оларға үлгі болды. Бір жағынан, ауылда спирттік ішімдік болмаса қылмыс саны азаяды деп үміттенеміз. Жыл аяғына дейін жағдайды бақылып, мониторинг жүргіземіз.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30