Жамбыл облысында бір күнде тепловоз бен автокөлік өртенді

20 шілде 2021, 12:10

Жамбыл облысында орташа есеппен күнделікті жедел басқару орталығына төтенше жағдайлар туралы 20-дан астам хабарлама келіп түседі, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
«Өткен тәуліктерде Талас ауданының №12 өрт сөндіру бекетінің «101» телефонына, Талас ауданының Табакбұлақ станциясындағы тепловоздың өрті туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген бойда өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт бір сағат ішінде оқшауланды, бір жарым сағатта сөндірілген. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.