Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жамбыл облысында Фанкони анемиясына шалдыққан 3 жасар Хамитке көмек қажет

15 наурыз 2023, 23:55

Жамбыл облысында Фанкони анемиясына шалдыққан 3 жасар Хамиттің отбасы жомарт жандардан көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сирек кездесетін дертке душар болған балаға шұғыл түрде ота жасату керек.

Хамиттің анасы балам бір бүйрексіз шала туған деп отыр. Бірақ дәрігерлер ұлыңыздың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ депті. Алайда бүлдіршіннің хәлі күн өткен сайын нашарлап, мұрнынан қан тоқтаусыз аққан. Соның салдарынан бала жүдеп, салмағы жеті келіге бір-ақ түскен.

Жамбылдық отбасы түркиялық клиникаға жүгінген екен. Қазір кішкентай Хамитке донорлардың қанын құйып жатыр. Алдағы уақытта балаға Ыстамбұлда жілік майын ауыстыру отасын жасату керек. Емге шамамен 70 миллион теңге қажет. Әзірге аталған отбасы тек 3 миллион теңге жинаған.

“Қазақстандық дәрігерлер екі жарым жыл бойы балама нақты диагноз қоя алмады. Ең қорқыныштысы, ұлымның қаны тоқтаусыз ағып жатыр. Осы орайда, барлық отандастарымыздан емге қаржылай көмек көрсетуді сұраймын. Біздің баланың өмірі сіздердің қолдарыңызда”, – дейді Хамиттің анасы Нәзима Есова.