Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында мұғалім ашық сабағын өткізбес үшін мектепте бомба бар деп хабарлаған

  • Жамбыл облысында мұғалім ашық сабағын өткізбес үшін мектепте бомба бар деп хабарлаған

    Жамбыл облысында мұғалім ашық сабағын өткізбес үшін мектепте бомба бар деп хабарлаған

Жамбыл облысының ауыл мұғалімі өзінің ашық сабағын өткізбес үшін мектепке бомба қойылғанын айтқан. Арнайы қызмет ғимараттан 300-ден астам ұстаз бен оқушыларды эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп қабырғасында болған. 25 жастағы мұғалім ашық сабақ өткізуі тиіс болған. Алайда оның орнына педагог полицияға хабарласып, мектепте бомба бар деп мәлімдеген.

 Эвакуация кезінде ол тіпті оқушылар әріптестеріне ғимараттан тездетіп шығуға көмектескен. Енді оны қомақты айыппұл төлеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

"Білім ордасын тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Осы қылмыстық әрекетті жасаған 25 жастағы Шу ауданының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Шу аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асхат Бақбергенов.




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 16:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31