Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жамбыл облысында психикалық денсаулық орталығының емделушісі мекемені «миналаған»

16 желтоқсан 2022, 00:12

Жамбыл облысында жарылғыш туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 желтоқсанда “102” тетігіне Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ғимаратында жарылғыш құрылғы бар деген хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға жедел келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер осы мекемеде мәжбүрлі түрде емделіп жатқан облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Оның айтуынша, осылайша орталықтан қашуды жоспарлаған. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.