Ел жаңалықтары

Жамбыл облысының тұрғындары төрт түлігін жайылымға жетектеп апаруға мәжбүр

  • Жамбыл облысының тұрғындары төрт түлігін жайылымға жетектеп апаруға мәжбүр

    Жамбыл облысының тұрғындары төрт түлігін жайылымға жетектеп апаруға мәжбүр

Жамбыл облысы Айша бибі ауылының тұрғындары төрт түлігін өріске өздері жетектеп жайып келуге мәжбүр. Себебі, ауыл маңында мал жайылатын жер қалмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Халықтың айтуынша, кәсіпкерлер ауылшаруашылыққа арналған жерлерді қоршап алған. Мал тұрмақ, төбесінен құс ұшырмайды дейді. Есесіне, ауыл айналасы қазір тас өндіретін карьер, асфальт шығаратын зауыт, күн электр стансасы секілді нысандарға толып кеткен. Атқамінерлердің әрекетіне ашуланған тұрғындар бүгін шешеуніктерге талап қойды.

Айша бибі ауылының тұрғындары жерді оңды-солды таратып берген аудан әкімдігінің әрекетін түсіне алар емес. Ауыл шарушылығындағы жерлерді берерде, ауыл тұрғындарының күнкөрісін қай басымен ойлады екен деп таңқалады. Соңғы он жыл ішінде ауыл маңы құдды бір өндіріс алаңына айналған деп отыр. Осының салдарынан мал жайылатын жер тарылған. Тұрғындар ауылға жақын жерге өндіріс нысандарын салуға қалай рұқсат берілгенін білмейді.    

«Жайылым жоқ, малды шығара алмай отырмыз. Мен мынау Әулиекөл маңында тұрамын. Жанымызға полигон салып тастады. Подстанция соғып тастады. 300 гектар жер алып күн батареясын тұрғызғалы жатыр. Енді қазір мал жаятын жер жоқ. Сондықтан малды енді жетектеп жүру керек болды», - дейді Айша бибі ауылының тұрғыны Абубәкір Сейілханов.  
«4 шебзавод осы айналдырған 5-6 км жердің аумағында отыр. Оның арасында бір асфальт зауыты бар. Арғы жағын жеке қолға алып қойды, талдың ішінде мал жататын, енді бір кәсіпкер жігіт жайылымды түгел қоршап, бетон плитамен қоршап, кәдімгідей жеке аймаққа шығарып алды. Ол жерден қазір мал емес, шымшық ұшып өте алмайды. Болды, жайылым бәрі кетті сонымен», - дейді тағы бір тұрғын Сәкен Барманқұлов.
Шенеуніктермен кездескен тұрғындар кәсіпкерлерге жалға берілген жерлер ауыл округінің меншігіне қайтарылсын деп талап қойды. Бұлай жалғаса берсе, төрт түлік ауладан шықпай қалатын түрі бар дейді.

«Жалпы аудан бойынша 43 шаруа қожалыққа қарасты 19 мың гектар жер солай анықталды. Бұлар енді бұрынғы уақытта заң талаптарына сәйкес, бұрын шаруа қожалығынан пайыз үлесін алып шыққан адамдарға мал басы өскеніне байланысты қосымша жер ретінде берілген. Енді сол жерлерді қайтадан ауылдық округтің жеріне қайтару мәселесімен айналысып жатырмыз», - деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қыдырәліұлы.
Ауыл жұрты кездесуге жерді алып отырған кәсіпкерлерді де шақырыпты. Алайда олар төбе көрсетпеді. Тек аудан атқамінерлері келіп, жиналғандарды сабырға шақырумен болды. Олар жайылым аумағын толықтай болмаса да, басым бөлігін жақын күндері ел игілігіне қайтарамыз деп уәде етті.




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 23:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30