Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаз табылды ма?

01 наурыз 2022, 18:35

 "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстар кезінде хабарсыз кеткен әскери қызметші сержант Дауытбаев Бауыржан Талғатұлын іздеу қысқы мезгілде әскери бөлім аумағында тоқтатылды. Аумақты тазалау және із-түзсіз жоғалған әскери қызметшіні іздеу шаралары көктемнің келуімен қайта жалғасады", - деп жауап берді қорғаныс министрлігі.

Жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына мынадай көлемде өтемақы төленді:

- қаза тапқан әскери қызметшілерге біржолғы өтемақы (біржолғы тұрғын үй төлемі) – 60 960 000 теңге (5 адам);

- қаза тапқан әскери қызметшілерді жерлеуге кеткен шығындарды өтеу – 1 166 700 теңге (5 адам);

-әскери қызметшілер қайтыс болуына байланысты бес жылдық ақшалай жәрдемақы мөлшерінде біржолғы өтемақы – 52 417 800 теңге (5 адам).

"Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 36 әскери қызметкері мен 4 қызметкері зардап шекті. 6 адам қаза тапты, оның ішінде 5 әскери қызметкер және 1 азаматтық персонал өкілі. Іс-түссіз жоғалғандар тізімінде 1 әскери қызметші – сержант Дәуітбаев", - деп атап өтті министрлік.