Ел жаңалықтары

Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы өседі

  • Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы өседі

    Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы өседі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен шәкіртақы көлемі артып келеді. Биылғы қыркүйек айынан бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 30 мың теңгеден сәл асады деп жоспарлап отырмыз. Магистратураға келсек, 15%-ға өсіп, шамамен 76 мың теңге болмақ”, – деді министр.

Оның айтуынша, докторантура үшін тек соңғы 2 жылда шәкіртақы мөлшері шамамен 82 пайызға өскен. Дегенмен, биыл да оның мөлшері артып, 172 мың теңгеге жетеді.

 
Бұдан өзге Асқат Аймағамбетов гранттар саны да өсетінін мәлімдеді.

“2025 жылға дейін гранттар саны артып, 75 мың орынға жетеді деп жоспарланған. Қазірдің өзінде сайлауалды бағдарламаны іске асыруды бастадық. Қаржы бөлінді. Биыл қыркүйек айында гранттар саны 5 мың орынға ұлғайтылады. Жыл сайын бакалавриатқа 51 мың орын бөлінсе, биыл 56 мың орын болады”, – деді ол.




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 20:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31