Жаңаөзендік жұмысшылар еліміздегі ірі мұнай компаниясының мемлекет меншігіне өтуін талап етті

20 қаңтар 2022, 15:25

Желіде Жаңаөзендегі "Бұрғылау" ЖШС бұрғылау компаниясының 100-ге жуық қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жазған видеоүндеуі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Lada.kz порталының жазуынша, олар өз үндеуінде 2005-2006 жылдардағы ірі сервистік компаниялар жекенің қолына өтуіне жол ашқан бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығына қарсы шыққан.

"Меншік иелері жұмысшылардың құқықтарын шектей бастады: жалақыны уақытында бермеу, сыйақыны қысқарту секілді. Біз компанияның мемлекеттің меншігіне өтуін қалаймыз. Адамдар бұл мәселелерді көтеріп 2009 бен 2016 жылдары митингіге шыққан. Бірақ содан кейін олардың артынан қудалау басталды. Кәсіподақ мүшелерінің "ауыздарын ашқызбайды". Біз бұдан шаршадық, сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмегіне жүгінуге мәжбүрміз", - дейді видеодағы мұнайшылар.

Айта кетейік, "Бұрғылау" ЖШС – Қазақстандағы ірі бұрғылау кәсіпорындарының бірі болып саналады.