Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шығатын күнін айтты

14 қазан 2021, 10:51

Орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белдіктеріне ие Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) 5 қарашада жекпе-жек өткізетінін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Жәнібек биылғы 5 қарашада Лас-Вегаста тәжірибелі француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамға (38-5, 21КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айқас алдында қазақстандық спортшы бокстағы өзінің бірегей стилі туралы тағы бір мәрте мәлімдеді.

«Мен басқалардан ерекшеленемін және оны бәрі біледі. Менде басқа мәнер бар. Қазақ мәнері — әлемдегі ең үздік мәнер. 5 қарашада мен оны көрсетемін», - деп жазды Жәнібек Twitter-де.⠀

Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін биылғы маусым айында Лас-Вегаста да өткізген болатын. Онда ол WBA Regular нұсқасы бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Роб Брантты (26-3, 18КО) мерзімінен бұрын сегізінші раундта жеңген болатын.