Ел жаңалықтары

Жаңбыр және сілбі қар. 12 қазанда ауа райы қандай болады?

  • Жаңбыр және сілбі қар. 12 қазанда ауа райы қандай болады?

    Жаңбыр және сілбі қар. 12 қазанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта түнде жаңбыр, сулы қар жауады. Оңтүстік және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстікте аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.


Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады, Түркістан және күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, Жамбыл облысында тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді, түнде тұман түседі. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Қарағанды облысында тұман түсіп, түнде және таңертең күн күркірейді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді. Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2019, 13:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30