Жаңбыр жауып, температура төмендейді: "Қазгидромет" алдағы күндері елде тұрақсыз ауа райы сақталатынын мәлімдеді

29 шілде 2022, 20:02

“Қазгидромет” ұсынған 30 шілде мен 1 тамыз аралағына арналған болжамына сәйкес елде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, ол найзағаймен және бұршақтың түсуі мен жауын-шашынға әкеледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді. 

Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте +15 +25°С, батыста +30 +35°С, елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С, ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С болады деп болжанды.