Жаңбыр мен найзағай: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қалай болады

03 маусым 2022, 14:22

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 4-6 маусым күндері республиканың барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, 5 маусымда жаңбыр болжанады, республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Дегенмен, термометр бағанында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы болса, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылы болады. 


Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады.