Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

24 желтоқсан 2021, 17:25

Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұл ақпаратты Жандарбек Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабулов растады. Оның айтуынша, Бекшин "зейнет демалысына" шығады.

 

"Туған күнінен бастап зейнет демалысына шығады", - деді ол.

 

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке сүейенсек, Жандарбек Бекшин 1958 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Ол екі аптадан кейін 64 жасқа толады.

 

Кейін Бекшиннің өзі қызметінен кететінін растады. Ол 27 желтоқсаннан бастап еңбек демалысына, келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап зейнетке шығатынын айтты. Оның айтуынша, Еңбек шарты бойынша келісім мерзімі аяқталаған.

 

Айта кетейік, Жандарбек Бекшин Алматы қаласының бас санитария дәрігері болып 2020 жылы сәуірде тағайындалған болатын.