Ел жаңалықтары

Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

  • Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

    Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Жандарбек Бекшин Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметінен кетті, оның орнына Айжан Есмағамбетова келді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бекшин денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары болғанын растаймыз. Министрдің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова жаңа бас санитар дәрігер болып тағайындалды", - деп атап өтті ол.

 

Жандарбек Бекшин жайлы не білеміз


Жандарбек Бекшин 1958 жылы бесінші қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген.

1982 жылы Свердлов мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1975 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда түрлі қызметте, оның ішінде 2009 жылдан бастап Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінде қызмет еткен.

2014-2017 жылдары ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – бас санитар дәрігер қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болды. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың 20 наурызына дейін еліміздің бас санитар дәрігері қызметін атқарды.

"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 21:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30