«Жансақтау бөлімінде жатыр»: әнші Саят Медеуов жол апатына ұшырады

28 ақпан 2022, 12:47

Танымал әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, ауыр жарақат алды. Бұл туралы әншінің әріптестері ақпарат таратуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Саят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Алладан амандығын тілеп қойыңыздаршы, ағайын», – деп бөлісті Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында.
Ал әнші Ербол Спаналиевтің әншінің жансақтау бөлімінде жатқанын жеткізді.

«Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!» – деп жазған ол.
Әзірге жол апатының қай жерде және қашан болғаны белгісіз.