Ел жаңалықтары

Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды

  • Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды

    Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды

2019 жылы әлемдегі ең үздік шахматшы атанған қазақстандық танымал шахматшы Nur Otan партиясы атынан сайлауға түсті
Nur Otan саяси партиясының Алматы филиалының саяси кеңес бюросы мәслихат депутаттарының тізімін бекітті. Енді оларды аймақтық сайлау комиссиясы тіркейді.

Кандидаттар арасында "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, бизнесмен Қайрат Құдайберген және танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік бар.

Әбдімәлік бұл тізімдегі ең жас кандидат. 2000 жылдың 12 қаңтарында туған ол жақында ғана 21 жасқа толды.

Жансая Әбдімәліктің жетістіктері
2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.

Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар.

Nur Otan Алматы филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ті, жастардың үлесі &ndash 24%-ті құрады. Депутаттардың орташа жасы &ndash 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), осылайша депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.

Жаңа депутаттық фракция алдында "Алматы-2050" стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылар аманатының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы &ndash Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және "Күміс ғасыр" ҚҚ-ның директоры.

2. Авершин Константин Викторович &ndash "Я &ndash алматинец" қоғамдық қозғалысының жетекшісі.

3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы &ndash Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.

4. Әділханов Мұрат Әділханұлы &ndash "Көктем групп ЛТД" ЖШС-нің басқарма төрағасы.

5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы &ndash "Tanmedia Group" директорлар кеңесінің төрағасы.

6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы &ndash №169 мектеп-лицейдің директоры.

7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы &ndash "Алматы ӘКҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы.

8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы &ndash Қонаев атындағы коледж директоры.

9. Грачев Михаил Владимирович &ndash "ДСУ-13" АҚ-ның директоры.

10. Есматов Серік Аманжолұлы &ndash Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны.

11. Жүдебаев Арман Әділханұлы &ndash Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.

12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы &ndash "Good food KZ" ЖШС-нің директоры.

13. Ибрагимова Ләзат Еркенқызы &ndash "Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" АҚ-ының басқарма төрағасы.

14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы &ndash бокстан Олимпиада чемпионы, "Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы" РМКК-ның директоры.

15. Канкуров Станислав Владимирович &ndash Nur Otan партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары.

16. Қасымов Ерболат Болатұлы &ndash "Айсултан" холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.

17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы &ndash Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің хатшысы, "Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ-ның директоры.

18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы &ndash "Қалалық кардиологиялық орталық" ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы.

19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы &ndash "Q3 Worldwide" инвестициялық холдингтің бас директоры.

20. Құрманбек Әсел &ndash "Green Works" ЖШС-нің құрылтайшысы.

21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы &ndash "Атрикс-Строй" ЖШС-нің директоры.

22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы &ndash "№5 қалалық клиникалық аурухана" МҚК-ның бас дәрігері.

23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы &ndash "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы.

24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы &ndash "Жол-Транссервис 2006" бас директоры.

25. Тау Нұрымбек &ndash "Daco motors KZ" ЖШС-нің директоры.

26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы &ndash Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша "Кәсіподақ орталығы" аумақтық бірлестігінің төрағасы.

27. Финогенов Максим Владимирович &ndash "DWS group" компаниясының директоры.

28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы &ndash "АЗМК" ЖШС-нің бас директоры.

29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы &ndash Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.
 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31