Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген камералар қалпына келтірілді

23 қаңтар 2022, 21:44

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен қондырғылар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді, деп хабарлады полиция департаменті.

4-7 қаңтары аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 "Сергек" кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды.

Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.

Жеке жүйесі бар 1 мың 103 камераны қамтитын "Бейнебақылау жүйелері" жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ, шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан.

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен қондырғылар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.