Ел жаңалықтары

Жарты ғасырлық тарихы бар әскери институтқа Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

  • Жарты ғасырлық тарихы бар әскери институтқа Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

    Жарты ғасырлық тарихы бар әскери институтқа Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

Биыл Құрлық әскерлерінің әскери институты жарты ғасырлық мерейтойын атап өткен, осы уақыт ішінде жоғары оқу орны 13 мыңнан аса офицерді даярлап шығарды
Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үкіметтің 11 қыркүйектегі қаулысымен еліміздегі әскери кадрларды даярлайтын бірегей білім ордасы &ndash Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді", - делінген хабарламада.


© PHOTO : МИНОБОРОНЫ КАЗАХСТАНА
Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

Сағадат Нұрмағамбетов &ndash тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында даңқты жауынгерлік жолын Берлинде аяқтаған. Кеңес заманы  кезінде М.И. Фрунзе атындағы әскери академияны тәмамдағаннан кейін,  түрлі штабтық және командалық лауазымдарда, Венгриядағы Оңтүстiк топ әскерлерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары қызметін атқарды. Тәуелсіз Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Биыл әскери жоғары оқу орны жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті.

Министрліктің мәліметінше, осы уақыт ішінде Құрлық әскерлерінің әскери институты 13 мыңнан астам офицерді даярлап шығарды. Олардың 80-нен астамы Қазақстанда, сондай-ақ шет мемлекеттерде генерал атағын алды.
 
 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31