Жарты миллиард теңгені жөнсіз жұмсаған әкім ескертумен құтылды

25 желтоқсан 2021, 17:10

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш кентінде 501 млн теңгеге жөнделген көшелер әлден ой-шұқырға толған. Бір жыл ішінде быт-шыты шыққан жолдарды мердігерден әкімнің өзі қабылдап алған.

 

Осылайша жұмысына салғырт қараған кент әкімінің ісі әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды деп хабарлайды Экспресс К.

 

Жолды сапасыз салса да, мемлекеттің ақшасына жаны ашымай мердігерге аудара салған әкімге ескерту ғана берілді.

 

"Кентішілік көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мердігерге құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін әкімге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту тәртіптік жасзасын қолдануды ұсынды" — деді облыстық мемлекеттік қызмет істер департаменті