Жарылыс қаупі бар: Алматыда жанар-жағармай тиелген автоцистерна өртеніп жатыр

04 мамыр 2022, 22:16

Алматы қаласы Жетісу ауданында 4 мамыр күні сағат 20.10 шамасында Ангарская көшесінің бойында жанар-жағармай тиелген автоцистерна өртенген. Жарылыс қаупі бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанар-жағармай құйылған автоцистернаның жануы өрттің жақын маңдағы вагондық цистерналар мен цистерналарға таралу қаупін тудырғандықтан, департаменті күштері өрт сөндіру деңгейін жоғарылатуда.

"Жарылыс қаупі болды, жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде", - деп атап өтті Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті.