Ел жаңалықтары

Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

  • Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

    Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

Қазақстандық жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті. Қаралы хабарды марқұмның әріптесі, ақын Сүндет Сейітов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, марқұмның жаназасы 30 шілде таңертең болады.

Жазушы Facebook әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасында намаз оқығысы келетінін айтып жазба қалдырған болатын.

“Өкініштісі, адамдар өзіне ұқсамаған адамды өлтіруге, жерлеуге асығады... 
Мен ылғи да жүрекке оралуды, Құдайға оралуды армандаппын. Бірақ оралмаппын... 
Өзімнің тап-таза жүрегімді, Құдайды тапқым келеді”, – деген еді ол. 

Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген.

Ресей халықтар достығы университетінде оқыды.

2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" атты әңгімелер жинағы жарық көрген. "Жүрекке оралу" кітабының авторы.

"Серпер" жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша президент стипендиясының иегері атанды.




Көрілген: 1256    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30