Ел жаңалықтары

Жас жігіт он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішемін деп көз жұмды

  • Жас жігіт он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішемін деп көз жұмды

    Жас жігіт он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішемін деп көз жұмды

Қытайда жас жігіт он минутта 1,5 литр қатты газдалған сусын ішемін деп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Газета.ru" басылымына сілтеме жасап.

Daily Mail басылымы Coca Cola екенін мәлімдеді.

 
Ол күн ыстық болғандықтан, бір жарым литр сусынды бірден ішкен. Кейін іші қатты ауырып, ісіп кеткен.

Бейжіңнің Чаоянь госпиталі дәрігерлерінің айтуынша, 22 жастағы жігіт бір бөтелке сусын ішкеннен кейін алты сағат өткен соң маман көмегіне жүгінген. Дәрігерлер бауырға газбен күресуге көмектесетін дәрі берді. Алайда ер адам 18 сағаттан кейін көз жұмды.

Медициналық есепке сәйкес, сусынды тым тез ішкендіктен, ішекте өте көп мөлшерде газ жиналған. Қысыммен газ қақпалық көктамырға түсіп, бауырға оттегі жетпей қалған. Пациентті сою кезінде бауыр ишемиясы анықталды.

Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры Натан Девис жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады.




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 17:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31