Ел жаңалықтары

Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатері де бар – Фабрицио Хохшильд

  • Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатері де бар – Фабрицио Хохшильд

    Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатері де бар – Фабрицио Хохшильд

Экономикада жасанды интеллектімен дұрыс жұмыс істемесе оның арты көптеген адамның жұмыссыз қалуына әкеледі. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд Алматыда өтіп жатқан форум барысында айтты.

Жиын барысында ол, Қазақстан цифрлы технологияны интеграция жасап жатқаны және осы жолда дамып жатқаны көп елдерге үлгі боларлық жайт екенін айтып өтті.

Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатер төндіретін жерлері де бар. Сондықтан жасан интеллектінің ішінде басқару нормативті базасының болуы маңызды. Жасанды интеллекті қазіргі даму барысында мақсатты түрде қолданылып келеді, әсіресе медицина саласында, оның ішінде диагностикалауда жақсы нәтижелер көрсетуде. Ол адамның диагноздауына қарағанда арзанға түседі. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында да жасанды интеллекті кеңінен қолданылып жатыр,-деді ол.

Сонымен қатар, ол экономикада жасанды интеллектімен дұрыс жұмыс істемесе оның арты көптеген адамның жұмыссыз қалып, істің бәрін роботтандыруға алып келетінін жеткізді.

Мәселен, Google, Facebook, Apple компанияларының табысы автокөлік шығаратын ірі компаниялардікімен тең. Алайда көлік зауыттарында адамдар 9 есе көп жұмыс істейді. Жасанды интеллекті біздің өмірімізге енетіні сөзсіз, бірақ оны дұрыс жолға бағыттай білуіміз керек,-деді Фабрицио Хохшильд.

BAQ.KZ




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30