Ел жаңалықтары

Жастар жылындағы жақсы жаңалық

  • Жастар жылындағы жақсы жаңалық

    Жастар жылындағы жақсы жаңалық

Жастар жылы аясындағы еліміздің түкпір-түкпірінен ерекше оқу бағдарламасына жиналған

50 дарынды финалисттердің өміріндегі өзгерістер


Жастар жылы аясында 16-26 маусым аралығында «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясының» ең үздік, жарқын және дарынды финалистері Алматы қаласында 10-күндік жастардың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамытуға бағытталған инновациялық платформасында бас қосты.



Мемлекет болашаққа жоспар құрып, одан әрі даму аяларын анықтап, жақын арада оның негізгі қозғаушы күші патриоттық және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген жігерлі жас көшбасшылар болатынына сенеді. Осыған орай, "ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық академиясының" төртінші циклы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12-18 жас аралығындағы дарынды жастар үшін өз есігін ашты.



ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы – бұл еліміздің жетекші мамандары мен мэтрлерінен білім берудің барлық саласында құнды білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан жастары үшін бірегей платформа. Жоба бағдарламасы Қазақстанның барлық аймақтарындағы дарынды балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, ЮНЕСКО-ның мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы озық бағдарламаларына тегін қол жеткізуге, сондай-ақ өзінің шығармашылық және ғылыми дарынын ашуға және арттыруға мүмкіндік береді.


Жобаның мақсаты: Мемлекеттің шығармашылық және ғылыми әлеуеттің болашағын қалыптастыруға бағытталған білім берудегі инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының дарынды жастарын дамыту және оларға қолдау көрсету.

«ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясы» финалистері үздік тәлімгерлермен, сонымен қатар Қазақстанның көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерімен дағдыларын дамытып, жаңа тәжірибе жинақтап, шабыттанып қайтты.


— Мен кішкентай кезімнен өте әсерлі баламын. Көп армандаймын, қиялдаймын. Өз ауылым Бадамшада жүргенде күтпеген жағдайлар жиі болмайды. Бірақ мен осындай жайбарақат күндердің бірінде Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясына қатысатындығымды білдім. Өмірімде ацтарлықтай өзгерімтер орын алды. Жобада жүргенде әрбірімізде мүмкіншіліктер көп екенін көрдім: мақсат қойып, оған жетуге талпынсаң қолдаушылар міндетті түрде табылады. #UNESCOclubsKZ отбасына қосылғанына қуаныштымын. Балалар мен жастарға ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры, Шеврон компаниялары да балалар мен жастарға қолдау көрсететінін білдім. Осы жаз естен кетпес әсер қалдырды. Болашаққа да жоспарларым көп енді — дейді Гүлнұр Сәлімгерейқызы (Ақтөбе облысы, Бадамша ауылы) ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының финалисті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, «Шеврон» компаниясы мен Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен.


— Қазіргі сәтте түрлі эмоцияларды бастан кешудемін. Бойымда бақыт, қуаныш сезімдерімен қатар мұң да бар. Неге дейсіздер ғой? Себебі бұл жоба менің жаныма өте жақын, себебі бұл менің үшінші жыл қатарынан қатысуым. Шығармашылық академиясы - бұл еліміздегі жастарға қолдау көрсететін бірегей жоба, жобаға қатысу да тегін. Жылда бағдарлама өзгеріп отырады, жаңа дағдылар шыңдалады, жаңа тәжірибе жинақтап, өзіңді көрсетуге мүмкіндіктер көп. Ең қиыны, әрине, ө жоба қатысуышларымен қоштасу. 10 күннің ішінде барлығы бауырларыңдай болып кетеді. Оқытушыларға да, еріктілерге де, ұйымдастырушыларға да алғысым шексіз. Бұл жоба - маған үлкен шығармашылық әлемге, өнер әлеміне жол ашқан жоба, — дейді Илья Горбунов (Қарағанды қаласы) ЮНЕСКО Клубатрының IV Шығармашылық акаедмиясының финалисті


Жобаның конкурстық кезеңі біздің байтақ еліміздің 14 облысынан және шалғай өңірлерінен 2.000-нан астам дарынды және талантты балалар мен жасөспірімдерді қамтыды. Қазылар алқасы Академияға қатысу үшін алты бағыт бойынша ең дарынды 50 баланы таңдап алды. 10 күндік инновациялық білім беру бағдарламасы төменгі бағыттарды қамтыды: ғылым және жобалық белсенділік, коммуникативті дағдылар мен шешендік өнер, бейнелеу өнері, музыкалық өнер, вокалдық өнер және хореографиялық өнер.

— ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы еліміздің ғылыми әлеуетіне халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, білім беру жобасының тамаша үлгісін қалыптастыру. Біз жастарды қазақстандық мәдениетті әлемдік деңгейге көтеріп, және отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын елдің ұлттық негізін қалыптастыруға барынша тарта отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Елбасы Қоры және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясымен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан қуаныштымыз — дейді Жанар Қошпанова, "Шеврон" компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі.


«ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының» қорытынды кезеңі - музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнер бағыттары бойынша финалистердің қатысуымен өткен Гала-концерт. «Арқайым» этно-фолк бағытындағы танымал топ концерт қонағы болып, қатысушылармен бірге өз өнерлерін ортаға салды. Шығармашылық академиясының көрмесінде бейнелеу өнері бағытындағы финалистер атақты суретшілердің жетекшілігімен орындалған қорытынды жұмыстарын ұсынды. «Ғылыми жұмыстар мен жоба жазу» номинациясының қатысушылары жоба тарихында алғаш рет қарапайым және қолжетімді тілде зияткерлік жекпе-жек "Science Slam" форматында өнер көрсетті. Өз кезегінде, «Қарым-қатынас орнату мен шешендік өнер» номинациясының финалисттері шешендік және актерлік бағыттар бойынша алған білімдерін көрсетті, сондай-ақ жазбаша жұмыстарын ұсынды. Концерт соңында қатысушылар сөзі де, әні де махаббатқа, мейірімділікке толы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының әнұранын орындады.





Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының баспасөз қызметі

PR-маман Камила Даулетова

+7 (727) 394-32-32, +7 (701) 298-00-88

kamila.kazfuca@gmail.com, www.kazfuca.kz


 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31