Жауын соңы қарға ұласады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

05 мамыр 2022, 21:55

Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Мамандар 6-8 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында синоптиктер найзағай ойнайды деп болжап отыр. Шығыстан жел соғады, тау асуларында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде ауа температурасы -3°С дейін төмендейді.

Оралда түнде топырақ бетінде үсік жүреді, ауа температурасы -1°С болады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде термометрлер -1°C дейін төмендейді.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болуы мүмкін. 6-8 мамырда ауа температурасы түнде +2...+7°С, түнде -1...-6°С дейін төмендейді деп күтілуде.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. 6-8 мамырда ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан -1...-6°C-қа дейін төмендейді.

Петропавлда 6-8 мамырда ауа температурасы түнде +7...+9°С-тан -1...-3°С-қа дейін төмендейді. Түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын жауады, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін.

6-8 мамырда ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан -1...-6°C-қа дейін төмендейді. Атырау облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с-ге жетеді. Атырауда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деп болжанды.

Stan.kz