Ел жаңалықтары

Жедел жәрдем қызметкерлері дәретханаға барған аяқ киіммен үйге кіреді: Журналист министрге ренішін айтты

  • Жедел жәрдем қызметкерлері дәретханаға барған аяқ киіммен үйге кіреді: Журналист министрге ренішін айтты

    Жедел жәрдем қызметкерлері дәретханаға барған аяқ киіммен үйге кіреді: Журналист министрге ренішін айтты

"Вирус таратып жүрген фельдшерлердің өздері емес пе?! ҚР денсаулық сақтау министрлігінің назарына!!! Олардың қазақша оқитынына үлкен күмәнім бар. Дегенмен мемлекеттік тілде жазып отырмын. Жауап болмаса тағы көрерміз!!! Ұлым ауырып үйге жедел жәрдем шақырдық. Дәрігер жап-жас жігіт екен. Үйге аяқ киімін шешпей кірді.

Қорғаныш пакетсіз ауруханаға аттап бастырмайтын ақ халаттыға бахила киіңіз десем, "бізге оны киюге болмайды" дейді. Онда етігіңізді шешіңіз дедім. Оған да рұқсат жоқ дейді. Дәретхана, аурухана, мәйітхана. Құдай ау, қай ханада болғаны өзіне ғана аян фельдшердің аяғына өзім салафан кигізбек болып едім,оған да келісімін бермеді.

 
Сонда фельдшерлері ковидпен көп ауырған жедел жәрдем орталығының дәрігерлеріне аяқ киіммен үйге кіріп, бахила кимей тұрғындардың жеккөрініші мен ашуын туғыз деген бұйрық түскен бе?! Әлде бұл фельдшердің өзі ойлап тапқан сандырағы ма?

Адам түсінбейтін шешімдер жиі қабылданатын мемлекетімізде дәл осылай үйге аяқ киіммен кіріңдер деген нұсқаулық берілсе, таң қалмаймын. Дегенмен нақты біліп алуды жөн көріп отырмын", - деп жазды Ерғанат Көпжасар. 

Журналист фельдшерді түсірген видеосын қатар жариялады. Алайда бұған ресми жауап болмады. 

"Алексей Цойға тұрғындардың жанайқайы жетер емес!
Жедел жәрдем фельдшері аяқ киіммен кірді үйге. Етігін шешпеді. Бахила кимеді. Берген пакеттен бас тартты. Осы жолы орысша түсірдім. Фельдшердің еш кінәсі жоқ. Бұйрық солай. Ал бұйрықты шығарған денсаулық сақтау министрі. Наразы халық көп дейді дәрігер. Амал жоқ екі оттың ортасында қалып отыр. Министр мырза, аяқ киіммен кіру кірмеуді, бахила кию кимеуді дәрігердің өз таңдауына қалдырыңыз!!! Фельдшерлердің өзі былай жұмыс істеу ыңғайсыз дейді. Онда дау не үшін керек?!", - деді екінші жазбасында. 

Желі қолданушылары өз оқиғаларын айтып, пікір жазып жатыр. 

"Ерқанат қоймадың ғой, жедел жәрдем деп аты айтып тұр ғой саған, егер кілемің қымбат болса, жедел жәрдемнің көмегі керек болмаған соң осындай сұрақтар туындайды, видеоға түсіріп әңгіме айтып отырасың. Алла басыңа салмасын, егер шынымен көмек керек болса сен олай видеоға түсірмес едің".

"Бұлар бахила кию керек заң бойынша. Оған ақша бөлінеді, олар бірақ сонша бахилға ақша жұмсағылары келмейді басшыларының". 

"Қандай адам ойлап тапты екен бұл бұйрықты", "Аяқ киім деген лас нәрсе. Оны шешуге міндетті", "Бізге келген фельдшердің бәрі аяқ киімін шешіп кіреді", - деді желі қолданушылары. 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31