Ел жаңалықтары

Жексенбі күні Ақтауда болған жағдай тұрғындарды дүрліктірді – видео

  • Жексенбі күні Ақтауда болған жағдай тұрғындарды дүрліктірді – видео

    Жексенбі күні Ақтауда болған жағдай тұрғындарды дүрліктірді – видео

Мұндай жағдайды саябақтан бөлек, 6-шы және 8-ші шағын аудан тұрғындары да көрді. Олар әлеуметтік желіде видео бөлісіп жатыр. Ақтауда қаланың бірнеше ауданында жылқылар ағаш жапырағын жеп жүр. Тұрғындар 1 тамыз, жексенбі күні түсірілген видеоны бөлісуде, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

"Жылқылар неге қалалық саябақта бұталарды сындырып, жапырақ жеп жүр? Бәрінде ен көрінеді, иесін анықтайтын адам бар ма?", - деп шағымданды Оксана есімді қала тұрғыны. Мұндай жағдайды саябақтан бөлек, 6-шы және 8-ші шағын аудан тұрғындары да көрді.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан жүздеген жылқы қырылды. Қазгидромет хабарлауынша, өңірде жауын-шашын мөлшері нормасының 17 проценті ғана жауған.

10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

Оның пікірінше, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаров отставкаға кетті.




Көрілген: 3812    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.08.2021, 02:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30