Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жексенбі күні елімізде жел секундына 28 метрге дейін күшейеді

24 желтоқсан 2022, 23:04

Синоптиктер жексенбі, 25 желтоқсан күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жариялады. Ол негізінен желдің күшеюімен байланысты. Ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Мамандардың айтуынша, 25 желтоқсан күні Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с болмақ. Жексенбі күні Қызылорда облысының орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. 25 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде де синоптиктер секундына 15-20 метр болатын жел соғады деп болжады. Жексенбі күні мамандар Жетісу облысының солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрлік жел соғатынын айтты, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 25-26 желтоқсан күндері Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел соғады, таулы аймақтарда желдің күші 15-20 м/с болады. Желдің екпіні 25 желтоқсанда күндіз және 26 желтоқсан түнде секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

kaz.nur.kz