Желіде ауыз су уланған деген қауесет тарап жатыр

04 тамыз 2021, 10:52

Қазнет қолданушылары елде ауыз су, оның ішінде бөтелкедегі су уланған деген ақпаратты тағы да таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан естігенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

 
Бұл апаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда", - деді ведомство өкілі.
Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстан қалаларында кеңінен тараған болатын. Басылым мәліметінше, осыған ұқсас жалған ақпарат биыл сәуірде де шыққан. Өз кезегінде ол да жалған ақпарат екені дәлелденген.