Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Желіде Елжан Біртановтың ұсталғаны жайлы ақпарат пайда болды

31 қазан 2020, 18:01

Желіде Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланды. Кейінірек бірқатар БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын мәлімдеді.

 Қазіргі уақытта экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат расталған жоқ, бірақ жоққа да шығарылмады.

Еске салайық, Елжан Біртанов биыл 25 қаңтардан 25 маусымға дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды. Ол қызметінен кетер алдында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 

 Біртанов 2015 жылдың 12 қарашасынан бері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып қызмет атқарған еді. Бұл қызметіне дейін ол "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" ЖШС Басқарма басшысы қызметін атқарған болатын.

Tengrinews.kz.