Желіде Graff премиум класты тұрғын үй кешендерінен пәтерлер сату туралы хабарландырулар тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, құрылыс салушы «Қарағайлы құрылыс» ЖШС қолма-қол есеп айырысудан бастап, ипотекалық несиелеуге дейінгі сатып алудың түрлі нұсқасын ұсынуда. Алайда, тұрғын үй кешенін жобалау алдындағы құжаттама алынбаған, авторлық және техникалық қадағалау жоқ, жер телімі үй салуға емес, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған.
«Қазіргі таңда қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастайды. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан ТҮК құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет. Мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісі арқылы білуге болады», - деп хабарлады әкімдіктен.