Ел жаңалықтары

Желіде Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыздың ВИДЕОСЫ пайда болды

  • Желіде Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыздың ВИДЕОСЫ пайда болды

    Желіде Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыздың ВИДЕОСЫ пайда болды

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты ашуландырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайыңды көлінде түсірілген бұл видео Instagram желісінде жарияланды.

«Осылай оянғыңыз келе ме?» – деп тұрды ролик сипаттамысында. Алайда көп ұзамай видео өшірілді.

Натуралист Сәкен Ділдахмет жастардың іс-әрекетіне наразылығын білдірді.

«Қайыңдыдағы бұл не цирк?» – дейді сарапшы.

«Instagram-да бір қыз Қайыңды көлінде жүзіп тұрған үрлемелі матрастың үстіндегі видеосын жариялады. Қазақстанда туризмді дамыту үшін түсірілген видео деп жазған. Көлдің ұлттық парк аумағында орналасқанын, онда шомылуға қатаң тыйым салынғанын түсіну керек. Адамдар осылай білгенін істесе, барлық келу ережесі бұзылады. Бүгін матрас, ертең қайық әкеледі. Осылай біз көлдің басты ерекшелігі – суға батқан орманнан айырылып қалуымыз мүмкін», – деп наразы болады Сәкен Ділдахмет.

Ол матраста жүзу қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтады.

«Көлде құтқарушылар жоқ, өйткені жүзуге тыйым салынған және су мұздай. Бұл бассейн немесе демалыс орны емес. Адамдар табиғатқа деген көзқарасын осылай көрсетеді. Ұлттық парк әкімшілігі шара қолданып, кінәлілерді жауапқа тартады деп ойлаймын», – деді Ділдахмет тілшімізге.

Ал әлеуметтік желілердегі пікір екіге бөлінсе де, наразы болғандар өте көп.

Экология министрлігі тілшімізге жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 21:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31