Ел жаңалықтары

Желіде Қостанайда мантудан кейін екі оқушы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

  • Желіде Қостанайда мантудан кейін екі оқушы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

    Желіде Қостанайда мантудан кейін екі оқушы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

Бұл ақпаратты Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды.

WhatsApp мессенджерінде Қостанай қаласының №7 мектебінде балалардан Манту сынамасы алынғаны туралы аудио хабарлама таратылуда. Төрт бала реанимацияға түсіп, екеуі қайтыс болған екен. Бұл жалған ақпарат, – деп жазады stopfake.kz

Бұл ақпаратты Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды.

«Қостанай қаласының №7 мектебінде екпеден кейінгі балалардың өлімі мен ауыр жағдайы туралы ақпарат – жалған», – делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.
«Костанайские новости» аймақтық газетінің сайтында полиция жалған ақпарат таратқандарды іздеуге кіріскені айтылған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынып жатқан жоқ. Жасөспірімдер арасында егу науқанын қазан айында, Pfizer-BioNTech шығарған Comirnaty вакцинасы елге әкелінген соң бастау жоспарланған.

1 қыркүйекте БАҚ препараттың Қазақстанда уақытша тіркелгенін хабарлады.

Бүгінде вакцина бес жастан 11 жасқа дейінгі және алты айдан бес жасқа дейінгі балаларда клиникалық сынақтардан өткізілуде. Нәтижелері алдағы айларда жарияланады.




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 01:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31